jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Ақмарал Науатбек Паралимпиада алтыны үшін белдеседі

    Ақмарал Науатбек
    Ақмарал Науатбек. Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

    Пара дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Ақмарал Науатбек Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарының жартылай финалында жеңіске жетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    48 кг салмақ дәрежесінде J2 санатында өнер көрсеткен Ақмарал Науатбек жартылай финалдық кездесуде түркиялық спортшы Джахиде Экемен белдесті. Ақмарал Науатбек қарсыласын 11:0 есебімен айқын жеңіп, финалға жолдама алды.

    Енді ол Паралимпиада ойындарының алтын медалі үшін күреседі. Финалдық белдесу бүгін, 5 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 19:00-де басталады.

    Ақмара Науатбек Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарының ширек финалында Үндістан дзюдошыссы Кокиладан 10:0 есебімен басым түскен.

    Еске сала кетейік, Ақмарал Науатбек 2022 жылғы әлем чемпионы және Азия ойындарының жеңімпазы атанған.

    Ақмарал Науатбек Паралимпиада алтыны үшін белдеседі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.