Спорт

Зектілері

Еркін күрестен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір медаль түсті

Жарияланған күні:

Камиль Куруглиев
Камиль Куруглиев. Фото: Olympic.kz

Күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан әлем біріншілігінде Камиль Куруглиев қола медаль еншіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Камиль Куруглиев 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында еркін күрестен 92 кг салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алды.
  • Ол қола медаль үшін күресте ирандық Амиррезза Далириден 8:5 есебімен жеңіске жетті.
  • Бұған дейін Ризабек Айтмұхан 97 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленген болатын.

Испанияның Понтеведра қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында Камиль Куруглиев 92 кг дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынап, қола медаль үшін таласта ирандық Амиррезза Далириден 8:5 есебімен басым түсті.

Қазақстандық балуан жарыстың алғашқы айналымында грузиялық Константин Петриашвилиді 7:6 есебімен, ал ширек финалда түркиялық Фатих Алтунбашты 5:2 есебімен тізе бүктірген. Жартылай финалда ресейлік Мустафагаджи Малачдибировтен 0:5 есебімен жеңіліп қалған еді.

Айта кетейік, бұған дейін еркін күрестен 97 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан финалдық бәсекеде Әзірбайжан елінің өкілі Хетаг Карсановты жеңіп, алтын медаль еншілеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2158915-erkin-kuresten-alem-chempionatynda-qazaqstan-quramasynyng-qorzhynyna-tagy-bir-medal-tusti/