jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Көшпенділер ойындары: қазақ күресінен ұлттық құраманың сегіз балуаны финалға шықты

    Қазақ күресінен cынға түсіп жатқан балуандар
    Қазақ күресінен cынға түсіп жатқан балуандар. Фото: V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының баспасөз қызметі

    Қазақ күресінен ұлттық құраманың сегіз балуаны Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының финалына өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Бүгін, 9 қыркүйекте Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қазақ күресінен іріктеу кезеңі болды. Ерлер 55 кг, 60 кг, 66 кг, 74 кг салмақ дәрежелерінде сынға түссе, әйелдер 48 кг, 52 кг, 56 кг, 60 кг салмақ дәрежелерінде бақ сынады.

    Қазақстан құрамасынан ерлер арасында Бекжан Төлепов (55 кг), Мейіржан Берекетов (60 кг), Дидар Тұқышов (66 кг), Жұмажан Қожамбеков (74 кг), ал әйелдер арасында Айжан Жылқыбаева (48 кг), Назерке Азаматова (52 кг), Рауза Нұрмахамметова (56 кг) және Бақыт Куссакбаева (60 кг) ақтық сынға жолдама алды. Финалдық белдесулер бүгін, 9 қыркүйекте сағат 16:00-де басталады.

    Айта кетейік, 13 қыркүйекке дейін жалғасатын V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына әлемнің 89 елінен 2430 спортшы қатысып жатыр. Байрақты бәсекеде Қазақстан намысын 261 спортшы қорғайды. Көшпенділер ойындарында 21 спорт түрі бойынша 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

    Көшпенділер ойындары: қазақ күресінен ұлттық құраманың сегіз балуаны финалға шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.