jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қырғызстан Қазақстанда өтетін халықаралық турнирге 10 балуанын жіберді

    Раззак Бейшекеев
    Раззак Бейшекеев. Фото: instagram.com/razzak.beishekeev

    Атырауда грек-рим, еркін күрестен өтетін Oil Capital Cup халықаралық турниріне қатысатын спортшылардың есімі белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Sport AкиPress басылымының мәліметінше, Oil Capital Cup халықаралық турнирінде грек-рим күресінен Қырғызстан құрамасының 10 спортшысы бақ сынайды. Бұл күрес түрінен 10 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

    Грек-рим күресінен Қырғызстан командасының құрамы:

    • 60 кг – Ақыл Сулайманов пен Нұрмұхаммед Абдуллаев;
    • 67 кг – Раззак Бейшекеев және Аманат Саматұлы;
    • 72 кг – Әділхан Нұрланбеков пен Имур Темирбеков;
    • 77 кг – Ырыскелді Мақсатбекұлы;
    • 82 кг – Бекзат Орынқұлұлы;
    • 97 кг – Нурманбет Райымалыұлы;
    • 130 кг – Ерлан Манатбеков;
    • Аға бапкерлер – Арсен Эралиев пен Ұлықбек Карачолоков.

    Ал Report.az басылымының хабарлауынша, Атыраудағы турнирге Әзербайжан атынан еркін күрестен Мұса Агаев (65 кг), Канан Хейбатов (70 кг) және Ашраф Аширов (79 кг) қатысады.

    Айта кетейік, "Біріккен күрес әлемі" (UWW) ұйымының күнтізбелік жоспарына енген Oil Capital Cup турнирі 17-21 қыркүйек аралығында өтеді.

    Қырғызстан Қазақстанда өтетін халықаралық турнирге 10 балуанын жіберді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.