jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан 12 жылдан кейін дзюдодан тағы әлем чемпионатын өткізеді

    Ербол Мырзабосынов пен Мариус Визер
    Ербол Мырзабосынов пен Мариус Визер. Фото: instagram/erbol_myrzabosynov

    Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Будапештте халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визермен кездесу өткізді. Кездесу нәтижесінде елімізде дзюдоны дамыту бағытында бірқатар маңызды келісімдер қабылданды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    2027 жылы дзюдодан әлем чемпионаты Қазақстанда өтетін болды.

    "Дзюдо жанкүйерлеріне жақсы жаңалық! 2027 жылы дзюдодан әлем чемпионатын Қазақстанда өткізу туралы келісімге келдік. Бұл еліміз үшін үлкен абырой, әрі қазақстандық спортшылар үшін үлкен мүмкіндік болмақ. Өйткені чемпионат Лос Анджелес олимпиадасының қарсаңында өтеді.

    Сонымен қатар халықаралық дзюдо федерациясының академиясының өкілдігін Қазақстанда ашу туралы уағдаластыққа қол жеткіздік. Бұл бастама біздің спортшыларымыз бен жаттықтырушыларымыздың кәсіби деңгейін көтеруге үлкен септігін тигізетініне сенімдімін", - деп жазды министр Ербол Мырзабосынов.

    Айта кетейік, дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасы Абу-Дабиде өтетін әлемдік Grand Slam кезеңіне қатысады. 11-13 қазанға жоспарланған әлемдік додаға 33 елден 236 спортшы қатысады. Аталмыш турнирде ел намысын 13 татами шебері қорғайды.

    Қазақстан 12 жылдан кейін дзюдодан тағы әлем чемпионатын өткізеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.