jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Мағжан Шамшадин Абу-Даби-дегі турнирдің жартылай финалына шықты

    Мағжан Шамшадин
    Мағжан Шамшадин. Фото: olympic.kz

    Қазақстандық дзюдошы Мағжан Шамшадин Абу-Дабидегі (БАӘ) Grand Slam турнирінің ширек финалында жеңіске жетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Жартылай финалға жолдама үшін күресте 60 кг дейінгі салмақта ол өзбекстандық Самариддин Кучкаровқа қарсы тұрды. 

    Мағжан Шамшадин қарсыласын таза жеңіп, жартылай финалға шықты.

    Турнирдің жартылай финалдық белдесуінде ол франциялық Седрик Риволмен кездеседі. 

    Айта кетейік, осы салмақта сынға түскен қазақстандық дзюдошы Дәурен Суюкенов ширек финалда ресейлік спортшы Изнауру Сааевтан жеңілді.

    Ал 48 кг дейінгі салмақта сынға түскен Әбиба Әбужақынова да ширек финалдық кезеңде жеңіліс тапты.

    Қос қазақстандық дзюдошы да өз салмақ дәрежелері бойынша жұбаныш белдесуінде бәсекеге түседі.

    Мағжан Шамшадин Абу-Даби-дегі турнирдің жартылай финалына шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.