jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық дзюдошылар халықаралық турнирде жүлдені өзара сарапқа салады

    Әбиба Әбужақынова
    Әбиба Әбужақынова. Фото: instagram.com/qaz_team_official

    Абу-Дабиде өтіп жатқан Grand Slam турнирінде үш қазақстандық дзюдошы қола жүлде үшін күреседі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Дзюдодан әйелдер арасындағы 48 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Әбиба Әбужақынова жұбаныш белдесуінде франциялық спортшы Лаура Эспадиньені жеңді. Енді Әбиба Әбужақынова германиялық дзюдошы Сара Иштпен қола жүлде үшін сынға түседі.

    Ал ерлер арасында 60 кг дейінгі салмақта өнер көрсететін Дәурен Сүйкенов те жұбаныш белдесуінде жеңіске жетті. Ол өзбекстандық Камолиддин Бахтиеровтан басым түсті.

    Ал Дәурен Сүйкенов қола жүлде үшін кездесуде отандасы Мағжан Шамшадинмен шеберлік байқасады. Мағжан Шамшадин жартылай финалда франциялық спортшы Седрик Риволға жол берген еді.

    Айта кетейік, Абу-Дабидегі Grand Slam турнирі 13 қазанға дейін жалғасын табады.

    Қазақстандық дзюдошылар халықаралық турнирде жүлдені өзара сарапқа салады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.