Спорт

Зектілері

Бас жүлде 15 млн теңге: "Қазақстан барысы – 2024" қашан және қайда өтетіні белгілі болды

Жарияланған күні:

"Қазақстан Барысы" турниріндегі белдесу
"Қазақстан Барысы" турнирі. Фото: "Qazaq kuresi" қауымдастығы

26 қазан Астана қаласында қазақ күресінен XIII Республикалық "Қазақстан барысы" турнирі өтеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ турнирдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл турнирде облыстық жарыстардың қорытындысы бойынша іріктелген еліміздің ең мықты балуандары бақ сынайтын болады. Олар еліміздің 17 облысы мен Республикалық маңызы бар 3 қала Астана, Алматы және Шымкент қалаларының спортшылары. Сондай-ақ турнирге өткен жылғы "Қазақстан барысы" жеңімпазы мен "Әскер барысы" екі балуаны қатысады. Турнирдің нәтижесі бойынша ең мықты балуан анықталып, ол 15 миллион теңге көліміндегі бас жүлдені алады.

"Барша спорт сүйер қауым үшін кіру тегін болады. Сонымен қатар көрермендер үшін ұлттық стильде безендірілген ойын-сауық аймағы ұйымдастырылады, онда асық ату, арқан тарту, тоғызқұмалақ және басқа да ұлттық ойындарын ойнауға болады", - деп мәлімдеді жарыс ұйымдастырушылары.

26 қазанда сағат 13:00-де қазақ күресінен Республикалық "Қазақстан барысы" турнирі басталады, мұнда Қазақстанның барлық өңірінен келген 43 балуан "Қазақстан барысы – 2024" алтын белдігі үшін күреседі. Турнирдің жалпы жүлде қоры 27 100 000 теңгені құрайды, оның ішінде 3 720 000 теңге спортшылардың жаттықтырушыларына беріледі. Жүлделер келесідей бөлінеді: 1-орын үшін – 15 000 000 теңге, 2-орын үшін – 3 300 000 теңге, 3-орын үшін – 1 080 000 теңге. Әр жеңіске жеткен белдесуі үшін балуан 100 000 теңге алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2177364-bas-zhulde-15-mln-tengge-qazaqstan-barysy-2024-qashan-zhane-qaida-otetini-belgili-boldy/