jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық жас балуандар әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады

    Бағлан Қуаныш
    Бағлан Қуаныш. Фото: uww.org

    Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы Тиранада (Албания) өткен жастар арасындағы әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Құрама сапынан соңғы болып бозкілемде Бағлан Қуаныш сынға түсті. Ол 87 кг дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алған болатын.

    Алайда жұбаныш кезеңінің алғашқы белдесуінде түрік балуаны Самет Ялдыраннан 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

    Осылайша қазақстандық грек-рим күрес шеберлері әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады.

    Айта кетейік, Албанияның Тирана қаласында өткен грек-рим күресінен жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан атаынан Ербол Камалиев (55 кг), Досжан Өтепқалиев (60 кг), Нұрсұлтан Базарбаев (63 кг), Дін-Мұхамед Қошқар (67 кг), Мерей Мәулетқанов (72 кг), Темірлан Қаратай (77 кг), Альмир Төлебаев (82 кг), Бағлан Қуаныш (87 кг), Бейбіт Қорғанов (97 кг) бақ сынады.

    Қазақстандық жас балуандар әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.