jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Алина Ертөстік күрестен жастар арасындағы әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады

    Алина Ертөстік
    Алина Ертөстік. Фото: Olympic.kz

    Күрестен Қазақстан құрамасының мүшесі Алина Ертөстік Тиранада (Албания) өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлде үшін белдесуінде жеңіліс тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Алина Ертөстік 76 кг дейінгі салмақта қола медаль үшін өткен белдесуде Жапония өкілі Нодока Ямаматомен кездесті.

    18 жастағы қазақстандық балуан қыз Алина Ертқстік қарсыласынан 0:11 есебімен мерзімінен бұрын жеңіліп қалды.

    Сондай-ақ бұл бәсекеде 50 кг дейінгі салмақта сынға түскен Лаура Ғаниқызы қола медаль үшін белдесуде жеңіліс тапты.

    Айта кетейік, қазіргі уақытта жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстанның бірде-бір спортшы медаль еншілей алмады. Ертең, 25 қазанда өтетін жарысқа қазақстандық еркін күрес шеберлері қатысады.

    Алина Ертөстік күрестен жастар арасындағы әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.