jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Ризабек Айтмұхан әлем чемпионатының ширек финалына шықты (видео)

    Ризабек Айтмұхан
    Ризабек Айтмұхан. Фото: ANDREJ ISAKOVIC/AFP via Getty Images

    Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан Албанияда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ризабек Айтмұхан Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы күрестен әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды.

    Әлем чемпионатының алғашқы белдесуінде 97 кг дейінгі салмақта сынға түскен Ризабек Айтмұхан канадалық Каллум Уильям Нокты 11:0 есебімен жеңді.

    Енді ширек финалда Ризабек Айтмұхан польшалық балуан Тарон Сахинян – Владислав Козлов жұбының жеңімпазымен кездеседі.

    Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан қыркүйекте Испанияда өткен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен әлем чемпионатында қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанған болатын.

    Ризабек Айтмұхан әлем чемпионатының ширек финалына шықты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.