jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Ерасыл Қажыбаев "Қазақстан барысы – 2024" турнирінің жеңімпазы атанды (видео)

    Ерасыл Қажыбаев
    Ерасыл Қажыбаев. Фото: "Қазақстан барысы" баспасөз қызметі

    Астанада өткен қазақ күресінен XIII республикалық "Қазақстан барысы" турнирінің жеңімпазы анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Астанадағы "Барыс Арена" спорт кешенінде қазақ күресінен ХІІІ республикалық "Қазақстан барысы" турнирінің финалында Ерсұлтан Мұзаппаров (Шымкент қаласы) пен Ерасыл Қажыбаев (Абай облысы) белдесті.

    Нәтижесінде "Қабанбай" лақапатымен белгілі Ерасыл Қажыбаев қарсыласынан басым түсті.

    Ал аталмыш жарыстың 3-орын үшін белдесуінде Саят Шамшиев (Абай облысы) пен Әділ Оразбаев (Әскер барысы) шеберлік байқасқан болатын. Нәтижесінде Саят Шамшиев соңғы секундтарда қарсыласынан жеңісті жұлып алды.

    Айта кетейік, турнирдің жалпы жүлде қоры 27 100 000 теңгені құрайды, оның ішінде 3 720 000 теңге спортшылардың жаттықтырушыларына беріледі. Жүлделер келесідей бөлінеді: 1-орын үшін – 15 000 000 теңге, 2-орын үшін – 3 300 000 теңге, 3-орын үшін – 1 080 000 теңге. Әр жеңіске жеткен белдесуі үшін балуан 100 000 теңге алады.

    Ерасыл Қажыбаев "Қазақстан барысы – 2024" турнирінің жеңімпазы атанды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.