Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Елім менен алтын күтті": Ризабек Айтмұхан әлем чемпионатындағы жеңісінен кейін пікір білдірді (видео)

Жарияланған күні:

Ризабек Айтмұхан
Ризабек Айтмұхан. Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан Тиранада (Албания) өткен жастар арасындағы әлем чемпионатындағы жеңісінен кейін пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

20 жастағы қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан өз мансабында үшінші рет әлем чемпионы атанды.

"Психологиялық тұрғыда оңай болған жоқ, себебі елім менен алтын күткен еді. Мен өз мақсатымды орындадым деп ойлаймын. Бірақ мұнымен тоқтап қалмаймыз. Алда әлем, Азия чемпионаттары мен Олимпиада күтіп тұр. Сол жарыстарға дайындалып, барымды саламын. Елімді жеңістеріммен әлі де қуантамын деп ойлаймын", - деді Ризабек Айтмұхан финалдағы жеңісінен кейін Qazsport арнасына берген сұқбатында.

Айта кетейік, 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен әлем чемпионатының 97 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Ризабек Айтмұхан финалдық бәсекеде ирандық балуан Махди Морафахты 11:6 есебімен жеңіп, алтын медальға ие болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2179337-elim-menen-altyn-kutti-rizabek-aitmuhan-alem-chempionatyndagy-zhengisinen-keiin-pikir-bildirdi-video/