jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Үш мәрте әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұханды астаналықтар қалай күтіп алды (видео)

    Ризабек Айтмұхан
    Ризабек Айтмұхан. Фото: uww.org

    Тиранада (Албания) өткен жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы Ризабек Айтмұхан елге оралды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Спортты дамыту дирекциясының Telegram желісіндегі ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Жастар арасындағы әлем чемпионы Ризабек Айтмұханды Астана әуежайында жанкүйерлері мен жақындары күтіп алды.

    Албания астанасы Тиранада өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында Ризабек Айтмұхан 97 кг дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алған еді.

    Айта кетейік, бұған дейін Ризабек Айтмұхан қыркүйекте Испанияда өткен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен әлем чемпионатында қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанған болатын.

    Сондай-ақ Ризабек Айтмұхан 2023 жылы Сербияның Белград қаласында өткен ересектер арасындағы әлем чемпионатында алтын жүлде иеленген болатын. Осылайша ол тәуелсіз Қазақстанның еркін күрес тарихында әлем чемпионы дәрежесіне жеткен тұңғыш балуан атанды.

    Үш мәрте әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұханды астаналықтар қалай күтіп алды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.