Үш дүркін Азия чемпионы Азамат Дәулетбеков Астанадағы ірі жарыста бақ сынайды
Опубликовано:

29 қараша күні Астанада өтетін күрестен Wrestling Stars дәстүрлі турниріне қатысатын тағы бір балуан белгілі болды. Бұл туралы Sportbugin.kz хабарлайды.
Елорда бозкілеміне еркін күрестен 3 дүркін Азия чемпионы, әлем чемпионаттарының қола жүлдегері Азамат Дәулетбеков шығады.
86 келі салмақта белдесетін балуанның қарсыласы жақын арада белгілі болмақ.
Еске сала кетейік, дүбірлі додаға еркін және грек-рим күресінен әлемдік спорттағы танымал балуандар қатысады. Олардың қатарында даңқты италиялық балуан Франк Чамисо да бар.
Wrestling Stars турнирі 29 қараша күні Астанадағы Beeline Arena спорт кешенінде өтеді.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2188244-ush-durkin-aziia-chempiony-azamat-dauletbekov-astanadagy-iri-zharysta-baq-synaidy/