jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Wrestling Stars турнирі: Азамат Дәулетбеков биылғы Ресей чемпионымен белдеседі

    Азамат Дәулетбеков
    Азамат Дәулетбеков. Фото: sportbugin.kz

    29 қараша күні Астанада өтетін күрестен Wrestling Stars турниріне қатысатын кезекті балуандардың есімі анықталды. Бұл туралы Sportbugin.kz хабарлайды.

    Елорда бозкілеміне еркін күрестен 3 дүркін Азия чемпионы, әлем чемпионаттарының қола жүлдегері Азамат Дәулетбеков шығады.

    Үш дүркін Азия чемпионы, әлем біріншіліктерінің жүлдегері саналатын Азамат осы салмақтағы Ресей чемпионы, осетиялық Алан Багаевпен белдеседі. Багаев Солтүстік Осетия республиксының Владикавказ қаласында дүниеге келген. Ол кадеттер және жастар арасында әлем чемпионы атанып, әйгілі Ярыгин турнирінде топ жарған.

    2024 жылы Ресей чемпионатында бақ сынап, финалда дағыстандық Асхаб Саадуллаевтан басым түсті. Осылайша, талантты балуан еркін күрестен Қазақстан командасының жарқын өкілі Азамат Дәулетбековпен белдеспек.

    Күрес түрлерінің насихатын арттыру мақсатында өткізілетін дәстүрлі Wrestling Stars турнирі 29 қараша күні Астанадағы Beeline аренада өтеді.

    Турнирді ұйымдастырушы әрі Қазақстан күрес федерациясының вице-президенті Дәурен Жабасовтың айтуынша, жарысқа екі дүркін әлем, төрт дүркін Еуропа чемпионы, италиялық Франк Чамисо, екі дүркін Азия чемпионы Данияр Қайсанов, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Қорлан Жақанша, жастар арасындағы әлем чемпионы Исхар Курбаев, еркін күрестен жастар арасындағы әлем чемпионы Начын Куулар бастаған бірнеше балуан қатысады.

    Wrestling Stars турнирі: Азамат Дәулетбеков биылғы Ресей чемпионымен белдеседі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.