Спорт

Зектілері

Олимпиада чемпионы қазақ балуаны Нұрқожа Қайпановтың әдісін қайталады (видео)

Жарияланған күні:

Генри Сехудо.
Генри Сехудо. Скриншот: instagram.com/p/DCfs29bv21f

Еркін күрестен Бейжің Олимпиадасының жеңімпазы, екі салмақ бойынша UFС-дің экс-чемпионы Генри Сехудо қазақ балуаны Нұрқожа Қайпановтың күрес әдісін орындап көрді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Нұрқожа Қайпанов Тиранада (Албания) олимпиадалық емес салмақ дәрежелері бойынша өткен әлем чемпионатында еркін күрестен алтын медаль жеңіп алған еді. Оның күрес әдісіне әйгілі спортшы Генри Сехудо талдау жасап, өзі де орындап көрді.

"Қазақстандық еркін күрес шебері Қайпанов әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері (оның ішінде алтын да бар) және күрестен Азия чемпионатының екі дүркін жеңімпазы. Нұрқожа 2026 жылғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін 74 килограмға дейінгі салмақ дәрежесіне көтеріле ме екен?!", - деп жазды Сехудо Instagram-дағы парақшасында.

Нұрқожа Қайпанов – еркін күрестен әлем чемпионы атанған екінші қазақ балуаны. Былтыр Сербия астанасы Белградта Ризабек Айтмұхан 92 кг дейінгі салмақта топ жарған еді.

26 жастағы Нұрқожа Қайпановтың еншісінде әлем біріншілігінің алтынымен қатар, Азия чемпионатының екі алтыны (2019, 2021), Азия біріншілігінің және әлем чемпионатының күмісі (2022, 2019) бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2189363-olimpiada-chempiony-qazaq-baluany-nurqozha-qaipanovtyng-adisin-qaitalady-video/