jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Әйгілі италиялық дзюдошы бастаған команда Қазақстан құрамасымен жұмыс істейтін болды

    Эцио Гамба
    Эцио Гамба. Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

    Даңқты италиялық дзюдошы, Олимпиада чемпионы және екі дүркін әлем чемпионатының күміс жүлдегері Эцио Гамба бастаған команда дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасымен ынтымақтастықты бастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Туризм және спорт министрлігінің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Министрлік мәліметінше, аталған ынтымақтастық аясында халықаралық аренада өзінің тиімділігін дәлелдеген жаңа дайындық әдістемесі енгізіліп жатыр.

    Гамбаның жетекшілігімен Италия құрамасы 2000 жылғы Сидней Олимпиадасында 1 алтын, 3 қола медаль жеңіп алса, ал Ресей құрамасын жаттықтырған кезінде оның шәкірттері Лондон Олимпиадасында 3 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль еншілеген.

    Сондай-ақ екі дүркін Еуропа чемпионы, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Роберт Мшвидобадзе, Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Батрадз Кайтмазов және жапониялық тәжірибелі маман Цунода Цуёси бастаған Гамбаның командасы ұлттық құраманың жаттығу үдерісіне жан-жақты қолдау көрсетіп жатыр.

    "Олардың тәжірибесі мен инновациялық тәсілдері отандық дзюдоны жаңа жетістіктерге жеткізудің қуатты құралы болмақ", - делінген министрлік хабарламасында.

    Еске салайық, Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев ұлттық құраманың жаттығуына қашан оралатыны белгілі болған еді.

    Әйгілі италиялық дзюдошы бастаған команда Қазақстан құрамасымен жұмыс істейтін болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.