jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте қазақ күресінен ересектер арасындағы III Халықаралық турнир өтеді

    Қазақша күрес
    Қазақша күрес. Көрнекі фото: Қорғаныс министрлігі

    Шымкентте 22-23 қараша күндері қазақ күресінен ересектер арасындағы III Халықаралық турнир өтеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Дене шынықтыру және спорт басқармасының Instagram-дағы мәліметіне сүйенсек, турнир Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Оңалбек Жарылқасын Керімбекұлының жүлдесіне арналған.

    Аталған дода Жеңіл атлетика спорт кешенінде өтеді. Бұл турнирге Қазақстанның және шетелдің үздік палуандары қатысады.

    Осыған орай Шымкент қалалық денсаулық сақтау және спорт басқармасының өкілдері қазақ күресінің дамуын қолдап, шебер спортшылардың өнерін тамашалауға шақырды.

    Шымкентте қазақ күресінен ересектер арасындағы III Халықаралық турнир өтеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.