jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық дзюдошылардың Grand Slam турниріндегі алғашқы қарсыластары анықталды

    Шерзод Давлатов
    Шерзод Давлатов. Фото: ijf.org

    Жапония астанасы Токиодағы Grand Slam (Үлкен дулыға) турниріне қатысатын қазақстандық дзюдошылардың алғашқы қарсыластары белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    7-8 желтоқсан аралығында өтетін Grand Slam турнирі ересектер арасындағы биылғы соңғы халықаралық жарыс болмақ. Бұл турнирде 48 мемлекеттен 302 дзюдошы сынға түседі.

    Қазақстандық дзюдошылардың алғашқы қарсыластары:

    Ерлер:

    • 60 кг: Дәурен Сүйкенов – Мишель Аугусто (Бразилия);
    • 60 кг: Шерзод Давлатов – Матей Александру (Румыния)/Елк Казирбиек (Моңғолия) жұбының жеңімпазы;
    • 73 кг: Бақытжан Әбдірахманов – Лучиан Борс (Румыния);
    • 81 кг: Жалғас Қайролла – Кайто Амано (Жапония);
    • 90 кг: Мейірлан Максим – Намхун Ли (Оңтүстік Корея);
    • 100 кг: Әділет Сапарғалиев – Энхбаяр Алтаншағай (Моңғолия).

    Әйелдер:

    • 52 кг: Толғанай Әбеуова – Нанако Цубоне (Жапония);
    • 57 кг: Дана Әбдірова – Ариунзая Тербиш (Моңғолия);
    • 63 кг: Самалай Ерғалиева – Мегуми Хорикава (Жапония);
    • 78 кг жоғары: Назгүл Маратова – Майя Сегава (Жапония);
    • 78 кг жоғары: Карина Такиева – Рури Такахаши (Жапония).

    Еске салайық, даңқты италиялық дзюдошы, Олимпиада чемпионы және екі дүркін әлем чемпионатының күміс жүлдегері Эцио Гамба бастаған команда дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасымен ынтымақтастықты бастаған еді.

    Қазақстандық дзюдошылардың Grand Slam турниріндегі алғашқы қарсыластары анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.