jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Дзюдодан Қазақстан құрамасы Grand Slam турнирінің алғашқы күні медальсіз қалды

    Бақытжан Әбдірахманов
    Бақытжан Әбдірахманов. Фото: olympic.kz

    Жапония астанасы Токиодағы Grand Slam турнирінің бірінші күні қазақстандық дзюдошылар медаль еншілей алмады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Бүгін, 7 желтоқсанда Токиода дзюдодан осы жылдың соңғы Grand Slam турнирі басталды. Алғашқы жарыс күні Қазақстан құрамасынан 6 спортшы сынға түсті.

    Ерлер арасында 60 кг дейінгі салмақта Дәурен Сүйкенов алғашқы жекпе-жегінде бразилиялық Мишель Аугустодан жеңіліп қалды. Шерзод Давлатов та бірінші кездесуінде ұтылды. Ол моңғолиялық Елк Казирбиекке есе жіберді. Ал 73 кг дейінгі салмақта Бақытжан Әбдірахманов румыниялық Лучиан Борсты жеңіп, бірақ кейін америкалық Джек Енезукиге жол берді.

    Қыздар арасындағы бәсекеде қазақстандық дзюдошылар алғашқы жекпе-жектерінде жеңіске жете алмады. Толғанай Әбеуова (52 кг) жапониялық Нанако Цубонеден, Дана Әбдірова (57 кг) моңғолиялық Ариунза Тербиштен, ал Самалай Ерғалиева (63 кг) тағы бір жапониялық Мегуми Хорикаведен жеңілді.

    Еске салайық, Токиодағы Grand Slam (Үлкен дулыға) турниріне қатысатын қазақстандық дзюдошылардың алғашқы қарсыластары белгілі болғанын жазған едік.

    Дзюдодан Қазақстан құрамасы Grand Slam турнирінің алғашқы күні медальсіз қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.