jitsu gif
Спорт

    Елдос Сметов "Жыл дзюдошысы" халықаралық атағына үміткерлер тізіміне енді

    Елдос Сметов
    Дзюдошы Елдос Сметов. Фото: JACK GUEZ/AFP via Getty Images

    Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) "Жыл дзюдошысы" атағына үміткерлер тізіміне енді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ федерацияның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Халықаралық дзюдо федерациясының ресми сайтында 2024 жылдың қорытындысы бойынша бірнеше марапатқа үміткерлерге дауыс беру басталды. Ерлер арасында "Жыл дзюдошысы" атағына ұсынылғандар қатарында Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов те бар.

    Сондай-ақ аталған марапатқа Хифуми Абэ (Жапония), Хидаят Гейдаров (Әзербайжан), Лаша Бекаури (Грузия), Таканори Нагасе (Жапония), Зелим Коцоев (Әзербайжан) және Тедди Ринер (Франция) таласып жатыр. Дауыс беру 2025 жылдың 10 қаңтарына дейін жалғасады. Ал жеңімпаздар 2 ақпанда Париждегі Гранд Слэм турнирінде марапатталмақ.

    2023 жылы "Жыл дзюдошысы" атағын ерлерден грузиялық Тато Григалашвили, ал әйелдерден жапониялық Ута Абэ жеңіп алған еді.

    Еске салайық, әртістік жүзуден Қазақстан ұлттық құрамасының спортшысы Виктор Друзин World Aquatics халықаралық федерациясының нұсқасы бойынша "Жыл спортшысы" атағына үміткерлер тізіміне енген еді.

    Елдос Сметов "Жыл дзюдошысы" халықаралық атағына үміткерлер тізіміне енді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.