jitsu gif
Спорт

    Қазақ дзюдошылары жыл қорытындысы бойынша әлемдік рейтингте қай орынды иеленді

    Дзюдошы Елдос Сметов
    Дзюдошы Елдос Сметов: By Oscar J. Barroso/Europa Press via Getty Images

    Қазақстандық дзюдошылар биыл екі басты жарыста – Олимпиада ойындары мен әлем чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті. Сонымен қатар ұлттық құрама мүшелері басқа да халықаралық турнирлерде топ жарды. Осы орайда Olympic.kz сайты дзюдошыларымыздың маусымды әлемдік рейтингте қандай орындармен аяқтағаны туралы жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Дзюдодан биылғы әлем чемпионаты мамыр айында Абу-Дабиде (БАӘ) өтті. Қазақстан құрамасы бұл жарыста бір медальға қол жеткізді. 48 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Әбиба Әбужақынова қола медаль иеленді. Бұған дейін ол 2022 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында қоланы қанжығасын байлаған болатын.

    Ал Елдос Сметов Париж Олимпиадасында өзінің шеберлігін толық көрсетті. Бастапқыда фавориттер қатарында болмағанымен, жарыс барысында ол қарсылас шақ келтірмеді. Ол финалға шығып, жарыс қожайыны франциялық Лука Мхейдзені жеңді.

    66 кг дейінгі салмақта Ғұсман Қырғызбаев та ерекше нәтиже көрсетіп, қола медаль иеленді. Үшінші орын үшін күресте ол Сербия спортшысы Страхиня Бунчичтен басым түсті. Ал Әбиба Әбужақынова қола жүлде үшін таласта швециялық Тара Бабулфатқа есе жіберіп қойды.

    2024 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық дзюдошылардың кейбірі әлемдік рейтингтің үздік ондығына кірді. Ең жоғары нәтиже Әбиба Әбужақыноваға тиесілі. Ол 48 кг дейінгі салмақта әлемдік рейтингте 2-орынға жайғасты. Сол салмақта тағы бір қазақстандық спортшы Ғалия Тыныбаева 10-орында тұр.

    Елдос Сметов маусымды 5-орынмен аяқтаса, Ғұсман Қырғызбаев 12-орынға табан тіреді.

    Естеріңізге сала кетейік, Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) "Жыл дзюдошысы" атағына үміткерлер тізіміне енген еді.

    Қазақ дзюдошылары жыл қорытындысы бойынша әлемдік рейтингте қай орынды иеленді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.