Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көп болды күткеніме": Нұрқожа Қайпанов мансабында бірінші рет пәтер алып тұрғанын айтты (видео)

Жарияланған күні:

Нұрқожа Қайпанов
Нұрқожа Қайпанов. Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

26 желтоқсанда Астанада грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы 2024 жылдың үздіктерін марапаттап, үздік балуандарға пәтер кілттерін табыстады. Соның ішінде еркін күрестен әлем чемпионы Нұрқожа Қайпанов бұл марапатқа ерекше қуанышты екенін жеткізді, деп KAZ.NUR.KZ Sport Plus Qazaqstan арнасының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Кеше, 26 желтоқсанда Астанада грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы 2024 жылдың үздіктерін марапаттады. Марапаттау рәсімінде балуандар Нұрқожа Қайпанов, Демеу Жадыраев пен Ислам Евловевтерге пәтер кілті табысталды.

"Пәтерді бірінші рет алып тұрмын. Өте қуаныштымын. Пәтер алуды күткеніме көп болды. Маған Астана қаласынан пәтер берілді. Бірақ мен қазір Алматыда тұрамын.

Осы жетістікке жету үшін қаншама төр төктік, еңбек еттік. Еңбегімді бағалап, көмектесіп жатқан ағаларыма көп рақмет айтқым келеді. Алда Азия және әлем чемпионаттары келе жатыр, соған дайындаламыз.

Әзірге 74 кг салмақта күресемін – бұл корольдік салмақ (королевский вес), Азияда осы салмақта көптеген мықты қарсыласым бар", - деді Нұрқожа Қайпанов.

Айта кетейік, Нұрқожа Қайпанов биыл күзде Тиранада (Албания) өткен олимпиадалық емес салмақ дәрежелеріндегі әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған болатын. Осылайша еркін күрестен әлем чемпионы атанған екінші қазақ балуаны болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2205866-kop-boldy-kutkenime-nurqozha-qaipanov-mansabynda-birinshi-ret-pater-alyp-turganyn-aitty-video/