jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Дзюдодан Қазақстан құрамасы жаңа маусымды әлемдік рейтингте нешінші орынмен бастайды

    Қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев
    Қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев. Фото: Michael Reaves/Getty Images

    Әлемдік дзюдоның жаңа маусымы Франция астанасы Парижде өтетін Grand Slam сериясы кезеңімен басталады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Париждегі турнир 1-2 ақпан аралығында өтпек. Бұл жарыста дзюдошылар өткен жылы желтоқсанның ортасында ресми түрде енгізілген жаңа ережелер бойынша сынға түседі.

    Қазір Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте 12-орында тұр. Жинаған ұпай саны – 87 541. Көш басында – Жапония (219 217 ұпай), екінші орында – Франция (184 924 ұпай). Ал үздік үштікті бейтарап тудың астында өнер көрсететін спортшылар түйіндеп тұр (114 452 ұпай).

    Еске салайық, қазақстандық дзюдошылар 2024 жылғы маусымды әлемдік рейтингте қандай орындармен аяқтағанын жазғанбыз. Ең жоғары нәтиже Әбиба Әбужақыноваға тиесілі. Ол 48 кг дейінгі салмақта әлемдік рейтингте 2-орынға жайғасты. Сол салмақта тағы бір қазақстандық спортшы Ғалия Тыныбаева 10-орында тұр. Елдос Сметов маусымды 5-орынмен аяқтаса, Ғұсман Қырғызбаев 12-орынға табан тіреді.

    Дзюдодан Қазақстан құрамасы жаңа маусымды әлемдік рейтингте нешінші орынмен бастайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.