jitsu gif
Спорт

    Ғұсман Қырғызбаев та бар: дзюдодан ұлттық құрама жаттығуға кірісті (фото)

    Қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев
    Қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев. Фото: JACK GUEZ/AFP via Getty Images

    Бүгін, 9 қаңтарда дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы 2025 жылдың алғашқы оқу-жаттығу жиынын бастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Дзюдо федерациясының Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазақстандық дзюдошылар Астанадағы "Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында" 19 қаңтарға дейін жаттығады. Жиынға 100-ге жуық татами шебері қатысып жатыр. Олардың арасында Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев, әлем чемпионатының қола жүлдегері Әбиба Әбужақынова, Grand Slam жарысының жеңімпазы Мағжан Шамшадин, Нұрқанат Серікбаев, Ғалия Тынбаева, сондай-ақ, 2024 жылғы Қазақстан чемпионатының жеңімпаз-жүлдегерлері бар.

    Дзюдоның жаңа маусымы 1-2 ақпанда Франция астанасы Парижде өтетін Grand Slam сериясы кезеңімен басталады. Бұл жарыста дзюдошылар өткен жылы желтоқсанның ортасында ресми түрде енгізілген жаңа ережелер бойынша сынға түседі. Қазақстан құрамасы жаңа маусымды әлемдік рейтингте 12-орынмен бастайды.

    Еске салайық, Елдос Сметов Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) жіберген алтын түсті жапсырмасы бар кимоно киіп күрескенін жазғанбыз.

    Ғұсман Қырғызбаев та бар: дзюдодан ұлттық құрама жаттығуға кірісті (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.