jitsu gif
Спорт

    Абиба Әбужақынова әлемдік Гран-при жарысының чемпионы атанды

    Әбиба Әбужақынова
    Әбиба Әбужақынова. Фото: t.me/kazjudoteam

    Қазақстандық дзюдошы Абиба Әбужақынова (48 келі) әлемдік Гран-при жарысының финалында күресті, деп хабарлайды kazinform.kz.

    Финалда қазақстандық балуан жапониялық Мизуки Харадамен кездесті. Белдесу барысында Абиба белсенділік танытты. Нәтижесінде қарсыласынан 10:1 есебімен басым түсіп, Гран-при жарысының чемпионы атанды. Ол жартылай финалда Амбер Херсьесті (Нидерланды), ал ширек финалда Спрингер Жаклинді (Австрия) жеңді. Абиба Әбужақынова 1997 жылы дүниеге келген. Әлем чемпионатында 2022, 2024 жылдары қола алды. Ал Азия чемпионатында 2021, 2022 жылдарда күміс медальға қол жеткізді.

    2024 жылғы Париж Олимпиадасында бесінші орынға тұрақтады. Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталған додада әлемнің 52 елінен 438 спортшы бақ сынайды деп жоспарланған. Гран-при турнирінде Қазақстан намысын 16 татами шебері қорғап жатыр.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.