jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Жәмилә Бақбергенова күрестен төрт дүркін Азия чемпионы атанды

    Жәмилә Бақбергенова
    Жәмилә Бақбергенова. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Жәмилә Бақбергенова (72 кг) Иордания астанасында өтіп жатқан әйелдер күресінен Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Қазақстан ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Біздің команданың көшбасшысы ақтық сында қытайлық қарсыласы Юйци Люге еш мүмкіндік бермей, 4 дүркін құрлық үздігіне айналды. Ол - мұндай жетістікке жеткен 3-қазақ палуаны. Сондай-ақ оның еншісінде тағы бір күміс пен 1 қола бар.

    Осыған дейін әйелдер арасында Татьяна Аманжол, Гюзель Манюрова бозкілемде дес бермей, әнұранымызды 4 реттен шырқатқан.

    Айта кетейік, отандасымыз күндіз жартылай финалда әлем чемпионы, тәжірибелі жапон палуаны Масако Фуруичиді ұтқан.

    Юйци осыған дейін жасөспірімдер мен жастар арасындағы сары құрлық додасында күміс, қола медаль жеңіп алған.

    Осымен әйелдер күресінен Азия чемпионаты мәресіне жетті. Қайрат Сағадиев баптайтын команда 1 алтын, 1 қолаға ие болды.

    Былтыр Бішкекте өткен сары құрлық чемпионатында Қайрат Сағадиев баптайтын команда 4 қола жүлдеге қол жеткізген. Медаль алғандар: Лаура Алмағанбетова, Диана Каюмова, Анастасия Панасович, Эльмира Сыздықова.

    Жәмилә Бақбергенова күрестен төрт дүркін Азия чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.