jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Жеті жыл бұрын спортты қойған Ақжүрек Таңатаров боз кілемге оралатын болды

    Ақжүрек Таңатаров
    Ақжүрек Таңатаров. Фото: жеке мұрағатынан

    Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, 38 жастағы Ақжүрек Таңатаров боз кілемге қайта оралады, деп хабарлайды 1bol.kz.

    Даңқты спортшы негізі 2018 жылы үлкен спорттағы мансабын аяқтаған еді.

    "Ауылдан шыққан жас балуандарды спортқа тарту мақсатында Түркістан обылысы Созақ ауданында жаттықтырушылар арасында жарыс ұйымдастырылып жатыр. Бұл жарыста 40 жасқа дейінгі жаттықтырушылар күреседі. Сонымен қатар 30 бен 40 жас арасында Түркістан және Шымкент қалаларының балуандары белдеседі. Сол жерде чемпион болған балуан менімен күреседі",— дейді Ақжүрек Таңатаров sport pluse арнасына берген сұхбатында.

    Ақжүрек Таңатаров 2017 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы, әлем чемпионатының қола жүлдегері. Бұған қоса еліміздің 4 дүркін чемпионы.

    2012 жылы Лондон Олимпиадасында 66 келіде бақ сынап, ел қоржынына қола жүлде салған. Айта кетейік, Ақжүрек Таңатаров қазіргі таңда 38 жаста.

    Ол Жамбыл облысында жас балуандарды тәрбиелеуде.

    Жеті жыл бұрын спортты қойған Ақжүрек Таңатаров боз кілемге оралатын болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.