jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Олимпиада чемпионы күрес түрлерінен әлем чемпионатында төрт тісінен айырылды

    Балуан Заурбек Сидаков
    Балуан Заурбек Сидаков. Фото: instagram.com/zaurbek_sidakov

    Олимпиада чемпионы Заурбек Сидаков Загребте күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында төрт тісін сындырған. Бұл туралы Ресейдің спорттық күрес федерациясының баспасөз қызметінің жетекшісі Тигран Аванян хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Тигран Аванянның мәліметінше, Сидаков жартылай финалдағы белдесуі кезінде тістерін сындырып алған.

    Жалпы жарыс қорытындысы бойынша ресейлік балуан қола медальға ие болған.

    РИА Sport-тың жазуынша, жартылай финалда Заурбек Сидаков Албания атынан шыққан бұрынғы отандасы Чермен Валиевтен жеңілген.

    Ал кеше, дүйсенбіде қола медаль үшін өткен белдесуде ол АҚШ өкілі Дэвид Каррды жеңген.

    Басылым 29 жастағы Заурбек Сидаков Токио Олимпиадасының чемпионы және үш дүркін әлем чемпионы екенін атап өткен.

    Айта кетейік, Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан әлем біріншілігінде қазақ балуандары да бақ сынап жатыр.

    Еліміздің еркін күрес шеберлері әлем чемпионатын екі қола медальмен аяқтады. Қазақстанға қола жүлде сыйлаған балуандар: Нұрқожа Қайпанов (70 келі) пен Асылжан Есенгелді (61 келі).

    Ал еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан (97 келі) алғашқы айналымда жеңіліп қалды. Ол ресейлік Магомед Курбановқа жол берді.

    Олимпиада чемпионы күрес түрлерінен әлем чемпионатында төрт тісінен айырылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.