jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Демеу Жадраев күрестен әлем чемпионатының қоласына таласу мүмкіндігіне ие болды

    Демеу Жадраев
    Демеу Жадраев. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Қазақстандық балуан, Олимпиаданың күміс жүлдегері Демеу Жадраев Загребте (Хорватия) грек-рим күресінен өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына өте алмады. Отандасымыз жұбаныш белдесу өткізіп, қола үшін таласу мүмкіндігіне ие болуы мүмкін, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бейсенбі күні Хорватия астанасында грек-рим күресінен әлем чемпионаты басталды. Қазақстандық спортшылардан медаль алу мүмкіндігін тек Демеу Жадраев сақтап қалды.

    77 келіге дейін салмақта сынға түскен отандық балуан екі мәрте жеңіске жетіп, ширек финалда жапониялық Ноа Кусакаға есе жіберді. Жадраевтың бұл қарсыласы финалға жолдама алып, қазақстандық спортшы жұбаныш белседуге қатысатын болды.

    Айта кетейік, Париж Олимпиадасында да Жадраев дәл осы Кусакадан жеңілген болатын.

    Енді жұма күні Демеу Жадраев үндістандық Аман Хохари немесе украиналық Игорь Бычковпен кездесу өткізіп, өзара мықтыны анықтайды. Отандасымыз жұбаныш белдесуде жеңіске жетсе, венгриялық Роберт Фричпен қола үшін таласады.

    Демеу Жадраев күрестен әлем чемпионатының қоласына таласу мүмкіндігіне ие болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.