Албаниядағы рейтингтік турнирде қазақтың балуан қыздары чемпион атанды
Жарияланған күні:
Албанияда күрес түрлерінен өтіп жатқан рейтингтік турнирде Қазақстан әйелдер құрамасының өкілдері Зейнеп Баянова мен Лаура Алмағанбетова алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Әйелдер арасында -50 келі салмақта бақ сынаған Зейнеп Баянова іріктеу кезеңінде АҚШ пен Жапония спортшыларын, жартылай финалда Үндістан балуанын жеңіп, финалға жолдама алған. Шешуші белдесуде үндістандық Приянши Праджапатты 13:2 есебімен жеңіп, турнир жеңімпазы атанған.
Ал 55 келіге дейінгі салмақта Лаура Алмағанбетова алғашқы айналымда Үндістан спортшысынан, кейін Германия өкілі Анастасия Блейвастан басым түскен.
Ақтық сында украиналық Лиллия Маланчукпен тартысты белдесу өткізіп, 3:2 есебімен қарсыласынан айласын асырып, чемпион атанған.
Айта кетелік, бұған дейін осы турнирде еркін күрес шеберлері Азамат Дәулетбеков, Ризабек Айтмұхан және Болат Сақаев қола жүлдергер атанғананы жазған едік.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2348227-albaniiadagy-reitingtik-turnirde-qazaqtyng-baluan-qyzdary-chempion-atandy/