jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    ӘЧ-2018: Уругвайдан ойсырай ұтылған Ресей 1/8 финалда Испаниямен кездесетін болды

    : UGC

    Ресейдегі әлем чемпионатының 1/8 финалындағы алғашқы жұптар анықталды деп хабарлайды prosports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

    Фото: ftbl.ru
    Фото: ftbl.ru: UGC

    В тобының үшінші турында көш басындағы Испания келесі кезеңге шығу мүмкіндігінен айырылған Марокко құрамасымен кездескен. Испан футболшылары шешуші матчта ұпай жоғалтты.

    Ойынның 14-минутында Халиб Бутаиб есеп ашқан. Бірақ бес минуттан соң Иско таразы басын теңестірді. Марокколық футболшылар бұл голдан соң салы суға кетпей, матч аяғында есепте тағы да алға шыққан. Енді топтан бірінші орынмен шығу үшін испаниялықтарға тағы да гол соғуға тура келді.

    Ойынның қосымша уақытында Яго Аспас қанжығасын майлап, матч нүктесін қойды – 2:2.

    Осылайша, Испания құрамасы топта 5 ұпай жинап, плэй-оффқа бірінші орынмен шықты. Енді 1/8 финалда испаниялықтар Ресей құрамасымен кездеседі.

    Еске сала кетейік, Уругвай құрамасы соңғы ойында Ресейді 3:0 есебімен ойсырата ұтып, топта бірінші орын алды.

    ӘЧ-2018: Уругвайдан ойсырай ұтылған Ресей 1/8 финалда Испаниямен кездесетін болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.