jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    ӘЧ-2018: Роналду пенальти соға алмай жанкүйерлерінің көңілін түсірді (видео)

    : UGC

    1/8 финалға өз тобынан бірінші орынмен шығуға жақын тұрған Португалия құрамасы соңғы минуттарда жеңісті ұстап қала алмады деп хабарлайды prosports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

    Фото: РИА Новости. Михаил Воскресенский
    Фото: РИА Новости. Михаил Воскресенский: UGC

    В тобының үшінші турында Еуропа чемпиондары Иран құрамасымен кездескен. Қос команданың да плэй-офф кезеңіне шығуға мүмкіндігі болған.

    Португалияға ол үшін жеңілмеу жеткілікті еді, ал Иран жеңіске жетуге міндетті болған. Матчтағы алғашқы гол бірінші таймның аяғында соғылды. Рикарду Куарежма ғажайып соққымен еуропалықтарға алға шығарған.

    Ал екінші таймда Криштиану Роналду пенальтиден есепті еселейтін мүмкіндікті пайдалана алмай қалды.

    Осы жеңіс есебін сақтап қалса, Португалия топтан бірінші орынмен шыққалы тұрған. Дегенмен негізгі уақытқа қосылған қосымша уақытта төреші Португалия қақпасына пенальти белгіледі. Нүктеге келген Карим Ансарифард мүлт кетпеді – 1:1.

    Осылайша, Португалия 5 ұпаймен топта екінші болып плей-офф кезеңіне шықты. Енді 1/8 финалда команда ресейліктерді жеңген Уругвай құрамасымен кездеседі.

    Ал төрт ұпай еншілеген Иран болса, топтық кезеңді үшінші орынмен аяқтады.

    ӘЧ-2018: Роналду пенальти соға алмай жанкүйерлерінің көңілін түсірді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.