jitsu gif
Спорт

    "Елімді сағындым": Исламхан Біріккен Араб Әмірліктеріндегі өмірі туралы айтты

    : Instagram

    Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан Youtube желісіндегі Nursultan Qurman тобында берген сұқбатында Біріккен Араб Әмірліктеріндегі өмірі туралы, "Аль-Айн" клубындағы болашағы жайлы айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Фото:
    Фото: "Аль-Айн" клубының Instagram желісіндегі парақшасы: Instagram
    "Команданы ауыстырдым. Біраз қиын болды. Алайда осындай шешімге өзім келдім. Жаңа чемпионатқа енді үйренісіп жатырмын. Ағылшын тілін дұрыс білмегендіктен, маған аудармашы көмектесіп жүр. Мен шетелде ойнағысы келетін жас футболшыларға ағылшын тілін үйренуге кеңес беремін. Ол өте ыңғайлы болады", - деді ол.

    Қазақстан құрамасының капитаны "Аль Айн" бапкері Педро Эмануэль туралы айтып берді.

    "Мен оның шақыруымен осы командаға келдім. Әр бапкердің өзіндік тактикасы, ойынға деген көзқарасы бар. "Аль Айн" - бірнеше рет чемпион болған клуб. Иә, келісімшартқа бар болғаны бес ай қол қойылды, мен Азия чемпиондар лигасында бағымды сынап көргім келді. Бұл жерде алаңдар өте жақсы және ыстық ауа-райы футбол ойнауға кедергісін келтірмейді", - деді ол.

    Футболшы Қазақстанды, ұлттық тағамдарды сағынғанын жасырмады.

    Сонымен қатар, Исламхан "Зенитй клубына ауысу мәселесіне де тоқталды.

    "Әзірге білмеймін. Қазіргі уақытта мен "Аль-Айн" футболшысы болып табыламын. Мен келісім шартым біткенше осында ойнаймын, сосын көре жатармыз", - деді футболшы.

    Еске сала кетсек, осыған дейін Бауыржан Исламхан "Аль-Айн" клубына не үшін ауысқанын түсіндірген болатын.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

    "Елімді сағындым": Исламхан Біріккен Араб Әмірліктеріндегі өмірі туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.