jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Дубайда марапаттады: Роналду ХХІ ғасырдың үздік футболшысы атанды

    Криштиану Роналду
    Фото: Twotter/cristiano

    Футболдағы жетістіктер үшін берілетін "Globe Soccer Awards" сыйлығының иегерлері анықталды деп жазады Eurosport.

    Марапаттау рәсімі 27 желтоқсан күні Дубай қаласында өтті.

    "ХХІ ғасырдың үздік бапкері" номинациясын "Манчестер Ситидің" бапкері Пеп Гвардиола жеңіп алды.

    Бұл титулға үміткерлер арасында Зинедин Зидан ("Реал"), Жозе Моуринью ("Тоттенхэм") және Алекс Фергюсон ("Манчестер Юнайтедтің" бұрынғы жаттықтырушысы) болған.

    Ал "2020 жылдың үздік бапкері" марапаты өткен маусымда Чемпиондар лигасын, Германия чемпионаты мен кубогын ұтқан "Баварияның" бапкері Ханс-Дитер Фликке бұйырды.

    Ол "Ливерпуль" клубының жаттықтырушысы Юрген Клопп пен "Аталантаның" бапкері Джан Пьеро Гасперинді артта қалдырды.

    "ХХІ ғасырдың үздік ойыншысы" номинациясы "Ювентус" клубының 35 жастағы футболшысы Криштиану Роналдуға берілді.

    Португалиялықпен бірге бақталасқа түскен – Месси, Мохамед Салах және Роналдиньо еді.

    Одан бөлек, Роналду "2020 жылдың үздік ойыншысы" атағын алуы керек болатын.

    Өйткені дауыс беру нәтижесі бойынша сұрмерген Роберт Левандовский мен Лионель Мессиді басып озған. Алайда, қазылар алқасы сыйлықты "Баварияның" шабуылшысына ұсынды.

    Дубайда марапаттады: Роналду ХХІ ғасырдың үздік футболшысы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.