jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Азамат Қабетов
    Азамат Қабетов
    Бұрынғы қызметкер

    Футболдан Еуропа чемпионатын отандық телеарналардан 2,5 млн көрермен тамашалаған

    Италия-Англия ойыны барысы
    Фото: Marc Atkins/Getty Images

    Футболдан UEFA EURO 2020 турнирін бір ай бойы отандық телеарналардан 2,5 миллион қазақстандық тамашалаған деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    "Қазақстан" телерадиокорпорациясы TNS Central Asia зерттеу компаниясының деректеріне сүйене отырып, футбол матчтарын телеарналар арқылы тамашалаған көрермен санын жариялады.

    "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарнасынан көрсетілген 51 ойынды жалпы 2 486 184 мың адам қараған.

    Оның ішінде ең көп көрермен жинаған TOP-5 матчтың қатарында Англия – Германия, Португалия – Германия, Хорватия – Испания, Уэльс – Дания, Дания – Бельгия арасындағы кездесулер бар.

    Бес ойынның жалпы жанкүйерлер саны – 885 460 адам.

    "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналарының ресми сайты және Qazaqstan.tv мобильді қосымшасы арқылы ең көп қаралған матчтар бестігін Италия-Англия арасындағы ойын бастап тұр.

    Финалдық матчты 281 339 көрермен онлайн тамашалаған.

    Сайт және мобильді қосымша арқылы ең көп қаралған ойындар:

    Венгрия – Португалия (155 483 көрермен);

    Түркия – Италия (131 590 көрермен);

    Франция – Германия (114 374 көрермен);

    Бельгия – Ресей (103 764 көрермен).

    Айта кетейік, TNS Central Asia компаниясының зерттеулері 100 мыңнан аса тұрғыны бар қалалар арасында жүргізіледі.

    UEFA EURO 2020 ойындарын Қазақстан аумағында көрсету құқығын тек "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналары иеленген.

    Футболдан Еуропа чемпионатын отандық телеарналардан 2,5 млн көрермен тамашалаған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.