jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Біржан Оразов Еуропа чемпионатының үздік сұрмергені атанды

    Футзал
    Фото: Қазақстан футбол федерациясы

    Футзалдан Нидерланд елінің Гронинген қаласында өткен Еуропа чемпионаты аяқталды. Финалда Ресей құрамасынан басым түскен Португалия турнирдің чемпионы атанды. Ал үздік сұрмерген атағы Қазақстан ойыншысы Біржан Оразовқа бұйырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Біржан Оразов Финляндия, Италия, Украинаға екі голдан соқса, Словения қақпашысынан бір рет айласын асырды. Сонымен қатар әріптестеріне нәтижелі пас беріп те көзге түсті (2).

    Осылайша, футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Еуропа чемпионатының үздік сұрмергені атанды.

    Екінші орынға ресейлік Антон Соколов ие болды. Оның еншісінде алты гол бар.

    Сұрмергендер қатарынан Артём Антошкин мен Иван Чишкала да көрінді. Ресей ойыншылары турнирде бес-бестен гол соққан.

    Айта кетейік, Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы топтық кезеңнен бірінші орынмен шығып, ширек финалда Украинадан ұтылды.

    Турнир жеңімпазы Португалия атанса, екінші орынды Ресей құрамасы қанағат тұтты. Үшінші орын үшін таласта Испания Украинадан басым түсті.

    Біржан Оразов Еуропа чемпионатының үздік сұрмергені атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.