Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Андрей Карпович футболдан ұлттық құраманың бас бапкерінің міндетін атқарушы болып тағайындалды

Опубликовано:

Андрей Карпович
Андрей Карпович. Фото: kff.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы болып Андрей Карпович тағайындалды, деп хабарлайды kff.kz.

Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, Андрей Владимирович қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс.

Ол ұлттық құрамада ең көп матч (55) өткізген ойыншылардың бірі. Бірнеше рет капитан ретінде алаңға шыққан.

Карпович "Елім-ай", "Ертіс", "Қайрат", "Локомотив", "Ордабасы", "Шахтер", "Атырау", "Алтай", сондай-ақ, ресейлік "Ростсельмаш" және мәскеулік "Динамо" командаларында ойнаған.

Сондай-ақ, ол бапкерлік мансабын "Қайрат" футбол клубында бастап, одан кейін 2 жыл "Оқжетпес" командасын жаттықтырған. 2021 жылдан бері "Қызыл-Жардың" бас бапкері болған.

Енді Карпович жаттықтыратын ұлттық құрама 24 наурызда Молдова құрамасына қарсы кездесу өткізеді.

Айта кетсек, Қазақстан футбол федерациясы басшылығының шешімімен бұған дейін ұлттық құраманың бас бапкері болған Талғат Байсуфиновтың өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылған болатын.

Футбол федерациясы Талғат Маруаұлына атқарған қызметі үшін алғыс айтып, алдағы кәсіби мансабында табыс тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1959818-andrei-karpovic-futboldan-ulttyq-quramanyn-bas-bapkerinin-mindetin-atqarusy-bolyp-tagaiyndaldy/