
"Манчестер Сити" және "Атлетико Мадрид" командалары 2022 жылғы 5 сәуір күні футбол матчында кездесті.
Бас жаттықтырушы Гвардиоланың командасы "Манчестер Сити" ойынның 70 минутында есеп ашты. Голды Кевин Де Брёйне соқты.
Ал "Атлетико Мадрид" командасы қарсыластың қорғанысын бұза алған жоқ.
Нәтижесінде тартысты өткен матч "Манчестер Сити" командасының пайдасына 1:0 есебімен аяқталды.
Чемпиондар лигасының түнде өткен екінші кездесуінде "Бенфика" мен "Ливерпуль" ойнады. Юрген Клопп баптайтын "Ливерпуль" сырт алаңда 1:3 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұған дейін УЕФА Ұлттар лигасының жаңа маусымындағы Қазақстан мен Словакия құрамалары арасындағы алғашқы матч тарихи кездесу болатынын жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1963646-mancester-siti-atletiko-madrid-cempiondar-ligasy-matcynyn-natizeleri/