jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Айнтрахт" футбол клубы Еуропа лигасының жеңімпазы атанды

    Еуропа Лигасы
    Фото: Photo by Craig Mercer/MB Media/Getty Images

    18 мамыр күні "Айнтрахт Франкфурт" және "Рейнджерс" футбол клубтары Еуропа Лигасының финалында кездесті. Тартысты өткен матчта германиялық ұжымның жолы болып, кубокқа ие болды.

    Еуропа лигасының финалы Севилья қаласындағы (Испания) "Рамон Санчес Писхуан" алаңында өтті.

    Германиялық "Айнтрахт" пен шотландиялық "Рейнджерс" ойынның негізгі уақытында жеңімпазды анықтай алған жоқ. Есеп 1:1.

    Алғашқы голды 57-минутта "Рейнджерс" футболшысы Джо Арибо соқты. Араға он минут салып германиялық ұжым есепті теңестірді. "Айнтрахт" сапынан Рафаель Борре мергендігімен көзге түсті.

    Осылайша, 90 минутта жеңімпаз анықталмай, он бес минуттық екі тайм белгіленді. Қарсыластар бұл кезеңдерде бір-бірлерінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ.

    Нәтижесінде Еуропа лигасының чемпионы ойын соңындағы пенальти сериясы арқылы анықталды. Бұл сында германиялық ұжымның жолы болып, 5:4 есебімен басым түсті.

    Айта кетейік, "Айнтрахт" ширек финалда атақты "Барселонаны", жартылай финалда "Вест Хэм Юнайтедті" жарыс жолынан шығарды.

    "Айнтрахт" футбол клубы Еуропа лигасының жеңімпазы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.