jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Юрген Клопп АПЛ-дың үздік бапкері атанды

    Юрген Клопп
    Юрген Клопп. Фото: Shaun Botterill/Getty Images

    "Ливерпульдің" неміс жаттықтырушысы Юрген Клопп Англия чемпионатының ең үздік бапкері атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі АПЛ-дың ресми сайтына сілтеме жасап.

    Еске сала кетейік, өткен демалыста футболдан Англия біріншілігі өз мәресіне жетті.

    38 турда 93 ұпай жинаған "Манчестер Сити" чемпион атанса, бір ұпай кем жинаған "Ливерпуль" клубы екінші орынды қағанат тұтты.

    "Ливерпуль" биылғы маусымда Англия кубогының жеңімпазы атанды.

    Одан бөлек Юрген Клопп жаттықтыратын ұжым 28 мамыр күні Чемпиондар лигасының финалында мадридтік "Реалмен" кездеседі.

    Осылайша, бір маусымда үздік нәтиже көрсеткен неміс бапкері АПЛ-дың үздік бапкері атанып отыр. 54 жастағы Юрген Клопп 2020 жылы да бұл атаққа қол жеткізген болатын.

    Сонымен қатар ол лига жаттықтырушылары қауымдастығының шешімімен АПЛ-дың жыл бапкері атанып отыр.

    Айта кетейік, АПЛ-дың үздік бапкері атағын Алекс Фергюсон 11 рет, Арсен Венгер, Хосе Моуриньо және Пеп Гвардиола секілді атақты бапкерлер үш рет иеленген.

    Юрген Клопп АПЛ-дың үздік бапкері атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.