jitsu gif
Спорт

    Каннаваро Италия біріншілігінде доп тебетін клубтың бас бапкері атанды (фото)

    Каннаваро
    Каннаваро баспасөз мәслихатында. Фото: beneventocalcio.club

    2006 жылғы "Алтын доп" иегері Фабио Каннаваро жаңа қызметке кірісті. Ол енді Италия біріншілігінің B сериясында доп тебетін клубты жаттықтырады, деп хабарлайды Sports.ru.

    Италия құрамасының бұрынғы қорғаушысы әрі капитаны "Беневенто" клубының бас бапкері атанды.

    Каннавароның соңғы жұмыс орны футболдан Қытай құрамасы болды. Аспан асты елінде бапкер 2019 жылдан бастап қызмет етті.

    Айта кетейік, 49 жастағы маман бұрын соңды Италияда бас бапкер болып жұмыс істемеген.

    Италия біріншілігінің B сериясында 6 турдан кейін "Беневенто" 7 ұпай жинап, турнир кестесінде 13-орында келеді.

    Фабио Каннаваро деген кім?

    Каннаваро Италия құрамасының бұрынғы капитаны әрі 2006 жылғы "Алтын доп" иегері. Қорғаушы "Парма", "Наполи", "Интер", "Ювентус", мадридтік "Реал" сапында өнер көрсеткен.

    Оның бапкерлік мансабы 2014 жылы басталды. Ең алғаш Каннаваро қытайлық Гуанчжоу Эвергранд клубын жаттықтырды.

    Каннаваро Италия біріншілігінде доп тебетін клубтың бас бапкері атанды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.