jitsu gif
Спорт

    Қазақстан Беларуське қарсы. Ұлттар лигасының көшбасшысы реваншқа дайын

    Қазақстан Беларуське қарсы
    Фото: Parimatch

    22 қыркүйек, Ұлттар лигасының бесінші турының матчы өтеді, "Астана Аренада" Қазақстан мен Беларусь жеңіс үшін бетпе-бет кездесетін болады.

    Қазақстандықтар өз тобында тамаша өнер көрсетіп келеді және Беларусьті жеңетін болса, турнирлік кестеде бірінші орынды иеленуге мүмкіндік туады. Қазіргі уақытта 4 матчтан кейін біздің отандастарымыздың қоржынында 10 ұпай, 3 жеңіс және 1 тең ойын бар.

    Қазіргі уақытта Беларусь кестеде соңғы орында тұр. Олар - топтағы жеңіске жетпеген жалғыз команда. Статистикаға қарап отырып беларусь футболшылары қақпаларына ең көп гол жіберіп алып, өздерінің гол соғу сәттерін жүзеге асыра алмай келе жатыр деп айта кетуге болады.

    Дегенмен, Ұлттар лигасында Беларусь - Қазақстаннан ұпайларды "тартып ала алған" жалғыз команда. Құрама командалар турнир аясында 10 маусымда Сербияның Нови-Сад қаласында кездескен болатын. Сол кездегі матч есебі 1:1 болып тең ойынмен аяқталған еді.

    Елорда қонақтары үшін алдағы кездесу шешуші бола қоймайды, алайда, Астанада өтетін алдағы матч әсерлі болады және футбол жанкүйерлеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды деп сеніммен айтуға болады.

    Parimatch коэффициенттері:

    Ж1 – 2.26, Х – 3.00, Ж2 - 3.60

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.