jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Тізімде Роналду, Месси, Неймар жоқ: Әлемдегі ең қымбат футболшылардың рейтингі жаңарды (фото)

    Килиан Мбаппе
    Килиан Мбаппе. Фото: John Berry/Getty Images

    Әлемдегі ең қымбат футболшылардың рейтингі жаңарды. Тізімді ПСЖ мен Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе бастап тұр, деп жазады transfermarkt.

    Соңғы деректерге сәйкес, ПСЖ шабуылшысының нарықтағы бағасы 160 миллион еуроны құрап отыр.

    Екінші орында "Манчестер сити" мен Норвегия құрамасының сұрмергені Эрлинг Холанд тұр. Оның бағасы 150 миллион еуро.

    Үздік үштікті мадридтік "Реал" мен Бразилия құрамасының шабуылшысы Жуниор Винисиус қорытындылады. Футболшының бағасы 120 миллион еуро.

    4-8 орынға "Барселонаның" жартылай қорғаушысы Педри, "Боруссияның" ойыншысы Беллингем, "Манчестер сити" шабуылшысы Фил Фоден мен "Ливерпульдің" сұрмергені Мохамед Салах жайғасқан. Аталған футболшылардың нарықтағы бағасы 90 миллин еуро.

    9-10 орында "Ювентус" шабуылшысы Влахович пен "Манчестер Юнайтед" ойыншысы Бруно Фернандеш тұр.

    Айта кетейік, үздік ондықтың қатарына әлем футболының жұлдыздары Кришиану Роналду, Лионель Месси және Неймар кірмеген.

    Тізімде Роналду, Месси, Неймар жоқ: Әлемдегі ең қымбат футболшылардың рейтингі жаңарды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.