Футболдан Катарда өтіп жатқан Әлем біріншілігінің үшінші күніне жоспарланған барлық ойыны аяқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Байрақты бәсекенің үшінші күні сенсациямен басталды.
Сауд Арабиясы Лионель Месси бастаған әйгілі Аргентинаны жеңіп кетті. Есеп 1:2.
Ал C тобында өнер көрсететін Мексика мен Польша арасындағы матчта гол болған жоқ.
Осылайша, алғашқы турдан кейін турнирлік кестеде Сауд Арабиясы көш бастап тұр.
Алғашқы турдан кейін С тобындағы жағдай:
Сауд Арабиясы - 3 ұпай,
Мексика - 1 ұпай,
Польша - 1 ұпай,
Аргентина - 0 ұпай.
Сонымен қатар, 22 қарашада D тобының да матчтары да өтті.
Атап айтқанда, Дания мен Тунис арасындағы ойында есеп ашылмаса, Франция мен Аустарлия кездесуі Ресейде өткен Әлем біріншілігінің жеңімпаздарының пайдасына аяқталды. Есеп 4:1.
Алғашқы турдан кейінгі D тобындағы жағдай:
Франция - 3 ұпай,
Дания - 1 ұпай,
Тунис - 1 ұпай,
Аустралия - 0 ұпай.
- ӘЧ-2022: «чемпиондар қарғысы» Францияға да тиер ме екен
- Футболдан Әлем чемпионатының күнделігі: Екінші күннің нәтижелері
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1998523-futboldan-alem-cempionatynyn-kundeligi-turnirdin-usinsi-kuni-nemen-este-qaldy/