jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Футболдан Әлем чемпионатының күнделігі: Турнирдің үшінші күні немен есте қалды

    Польша мен Мексика арасындағы кездесу
    Польша мен Мексика арасындағы матч. Фото: twitter/FIFA World Cup

    Футболдан Катарда өтіп жатқан Әлем біріншілігінің үшінші күніне жоспарланған барлық ойыны аяқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Байрақты бәсекенің үшінші күні сенсациямен басталды.

    Сауд Арабиясы Лионель Месси бастаған әйгілі Аргентинаны жеңіп кетті. Есеп 1:2.

    Ал C тобында өнер көрсететін Мексика мен Польша арасындағы матчта гол болған жоқ.

    Осылайша, алғашқы турдан кейін турнирлік кестеде Сауд Арабиясы көш бастап тұр.

    Алғашқы турдан кейін С тобындағы жағдай:

    Сауд Арабиясы - 3 ұпай,

    Мексика - 1 ұпай,

    Польша - 1 ұпай,

    Аргентина - 0 ұпай.

    Сонымен қатар, 22 қарашада D тобының да матчтары да өтті.

    Атап айтқанда, Дания мен Тунис арасындағы ойында есеп ашылмаса, Франция мен Аустарлия кездесуі Ресейде өткен Әлем біріншілігінің жеңімпаздарының пайдасына аяқталды. Есеп 4:1.

    Алғашқы турдан кейінгі D тобындағы жағдай:

    Франция - 3 ұпай,

    Дания - 1 ұпай,

    Тунис - 1 ұпай,

    Аустралия - 0 ұпай.

    Футболдан Әлем чемпионатының күнделігі: Турнирдің үшінші күні немен есте қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.