jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Жалақысын түгелдей науқастар мен мұқтаждарға аударатын мұсылман футболшы кім

    Зиеш Хаким
    Зиеш Хаким. Фото: sports.ru

    Футболдан Марокко құрамасының басты жұлдыздарының бірі Зиеш Хаким командадағы жалақысын толығымен қайырымылық шараларына жұмсайды. Ол 2015 жылдан бері федерация ұсынатын еңбекақысын мұқтаждарға беріп келген, деп хабарлайды Sports.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Марокко құрамасының үздігі өзінің сыйақыларын түгел қайырымдылыққа жұмсайды. Ақшаның бір бөлігі елдегі жағдайы төмен отбасыларға берілсе, тағы бір бөлігін команданың қызметкерлеріне ұсынады. Ол 2015 жылдан бері ұлттық құрамада ойнап келеді. Осы аралықта футболшы өзіне бір тиын да алып қалмаған.

    Зиеш Хаким отбасындағы он баланың тоғызыншысы. Оның қайырымдылықпен айналысуына өзінің отбасылық жағдайы себеп болған. Зиеш он жасқа толғанда әкесі онкологиялық аурудан қайтыс болады. Бұл аралықта ол футболдан қол үзіп те қалған.

    "Аякс" клубында ойнаған жылдары Зиеш Хаким онкологиямен күрес қорларына 185 мың еуро аударды.

    Ал 2018 жылы өзімен бірге Нидерланд чемпионатында ойнап, кейін ауыр жол апатына түскен футболшы Леон де Когельдің аяққа тұруына көмектескен. Апаттың ауыр болғаны соншалық, құтқарушылар Когельді талқаны шыққан көліктен арамен кесіп, шығарып алады. Ал Когель ойнаған клуб футболшыға жалақысын төлемеген соң, Зиеш қол ұшын созады. Нәтижесінде, Леон де Когель футболға қайта оралған жоқ. Есесіне, бапкерлік қызметке кірісті.

    Сондай-ақ, Зиеш жанкүйерлерге үнемі өзінің жейдесін таратады. "Челсиге" кететін кезінде ол өзінің спорттық жейдесін "Аякс" академиясындағы ойыншыларға беріп кеткен. Кейде әлеуметтік желі арқылы да сыйға тартады.

    Марокко жанкүйерлерінің сүйікті ойыншысы Зиеш Хакими Нидерландта дүниеге келген.

    Жалақысын түгелдей науқастар мен мұқтаждарға аударатын мұсылман футболшы кім

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.