jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Лионель Месси әлем чемпионатында қандай рекордтар орнатты

    Лионель Месси әлем кубогын көтеруде
    Лионель Месси. Фото: twitter/fifaworldcup

    Футболдан Катарда аяқталған әлем біріншілігі аргентиналық Лионель Мессидің беделін одан әрі асқақтатты. Әлемнің үздік футболшысы аталған турнирде бірнеше рекордқа түзету енгізген, деп хабарлайды Спорт Экспресс басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Нақтылап айтар болсақ, әлем чемпионатында өткізген матчтар саны бойынша Месси әйгілі неміс футболшысы Лотар Маттеусты басып озды. Катардағы финалдық матчты есепке алғанда, Лео әлем біріншіліктерінде жалпы есебі 26 кездесу өткізіп отыр.

    Месси 2006, 2010, 2014, 2018 және 2022 жылғы доп додасына қатысса, Маттеус 1982, 1986, 1990, 1994 және 1998 жылғы бәсекелерде бақ сынаған. Аргентиналық ойыншы германиялық ардагерден бір матчқа артық ойнағанын айта кету керек.

    Сондай-ақ мергендер тізімінде Месси әйгілі футбол королі Пеледерн асып түсті. Әлем чемпионаттарында ең көп гол соққан футболшылар арасында Лионель 13 голмен бесінші орында тұр. Тарихтағы ең үздік сұрмерген - германиялық Мирослав Клозені қуып жету үшін Мессиге енді үш гол соғу қажет.

    Лионель Месси бір әлем чемпионатында төрт рет пенальтиді сәтті орындаған тарихтағы үшінші ойыншы атанды. Мұндай көрсеткішпен португалдық Эйсебио және нидерландтық Роб Ренсенбринк қана көзге түскен еді. Катардағы алты голдың төртеуін аргентиналық ойыншы 11 метрлік айып алаңнан салған.

    Айта кетелік, Месси әлем чемпионаттарында қатарынан екінші рет турнирдің үздік ойыншысы атанды. Ол 2014 және 2022 жылғы мундиалда мықтылар қатарына іліккен.

    Лионель Месси әлем чемпионатында қандай рекордтар орнатты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.