Футболдан Қазақстан құрамасының және санкт-петербургктік "Зенит" клубының қорғаушысы Нұралы Әліп сүйіктісімен бірге Мальдив аралдарында демалуда, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Нұралы Әліп пен оның сүйіктісі Әйгерімнің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасынан жастардың Мальдив аралдарында екенін аңғаруға болады.
Бұны көрген желі оқырмандары жақында отау құрған ерлі-зайыптыға бақыт тілеп, жақсы демалуын сұраған.
Пікір білдіргендердің арасында Қазақстан құрамасының қорғаушысын туған күнімен құттықтағандар да кездесті.
Нұралы Әліп 1999 жылы 22 желтоқсанда өмірге келген.
Еске сала кетейік, 18 желтоқсан күні Ақтау қаласында Нұралы Әліптің үйлену тойы болған еді. Бір қызығы, тойға жиналған қауым тура мейрамхананың ішінен әлем чемпионатының финалын тамашалаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2002757-zaqynda-uilenu-toiyn-durkirep-otkizgen-otandyq-futbolsy-maldiv-araldarynda-demaluda/